Зат үш күйге
бөлінеді: қатты, сұйық және газ, әр күйдің өзіне тән
қасиеттері бар.
Қатты заттардың нақты пішіні мен көлемі болады.
Оларды сығу өте қиын. Қатты заттардағы бөлшектер:
• Бір-біріне тығыз орналасқан, олар одан әрі
тығыздалмайды
• Бір-біріне өте мықты бекінген, сондықтан оңай қозғала
алмайды
• Бекіген нүктенің айналасында тербеледі, бірақ бір
орыннан екінші орынға қозғалмайды
Сұйықтардың нақты пішіні жоқ, бірақ нақты көлемі
болады. Олар өзі тұрған ыдыстың пішінін алады,
тек горизонталь емес, мұнда сұйықтың бетінде сәл
ғана ойыс пайда болады. Сұйықтарды сығу қиын.
Сұйықтардағы бөлшектер:
• Бір-біріне жақын орналасқан
• Бір-біріне өте мықты тартылады
• Бейберекет және оңай, бір-бірінің айналасында
тұрақты түрде қозғалады
Газдардың нақты пішіні мен көлемі болмайды. Ол
өзі тұрған ыдыстың көлемін толықтай толтырады.
Олар жоғары концентрациялы аумақтан төменгі
концентрациялы аумаққа диффузияланады. Мысалы,
бөлменің бір шетіне ауа сергіткішті сепсеңіз, оның иісі
лезде бөлмеге тарап кетеді. Газдарды сығу өте оңай.
Газдардағы бөлшектер:
• Бос кеңістіктің 99,99%-ын құрайды
• Бір-біріне өте әлсіз тартылады
• Бейберекет және оңай қозғалады
Заттың күйі үш факторға тәуелді: бөлшектердің түрі;
олардың бір-бірін тарту күші; температура.
Егер бөлшектер бір-бірін өте күшті тартатын болса, мысалы алмастың не темірдің ішіндегі бөлшектер секілді, онда
затты балқыту, бөлшектерді бір-бірінен кері итеру үшін көп энергияны қажет етеді. Сондықтан, алмас пен темір секілді
заттар бөлме температурасында қатты заттар. Егер бөлшектер бір-бірін жай ғана тартатын болса, мысалы, оттегі не
гелийдің молекулалары секілді, зат бөлме температурасында газ болады, себебі бөлшектерді бір-бірінен алыстату
үшін өте көп энергия қажет болады. Егер тартылыс күші өте мықты не өте әлсіз болмаса, зат бөлме температурасында
сұйық күйінде болады, мысалы сынап не бромин секілді.