OOP - туралы

Объектіге бағытталған программалауда процедура емес, объект құрылатын болды. Объект – бұл мәліметтер мен процедуралардың бірігуінен пайда болған программалық ұғым болды.

Мұнда объект ішіндегі мәліметтер атрибуттар деп аталды. Бұлар мәліметтерге сілтеме жасап тұратын айнымалылар болып саналады. Объектілер орындайтын процедуралар әдістер (методтар) деп аталды.

Объект әдістері – бұлар мәліметтер атрибуттарымен жұмыс істейтін функциялар, олар мәліметтер атрибуттарымен әртүрлі операциялар орындайды.

Жалпылық тұрғысынан қарағанда, объект мәліметтер атрибуттары мен әдістерден тұратын автономиялық бірлік, ол мәліметтер атрибуттарымен жұмыс істейді, соларды өңдейді.

Объект мысалы

Cіздер, "Оятқыш" объектісін қолданушылар, бұл атрибуттарды тікелей өзгерте алмайсыздар, өйткені олар меншікті (приватты – private), яғни жеке болып саналады. Оларды өзгерту үшін объектінің бір әдісін қолдану керек. Төменде «Оятқыш» объектісінің бірнеше әдісі келтірілген:

• set_time (уақытты орнату);
• set_alarm_time (ояту сигналын беру уақыты);
• set_alarm_on (оятқышты іске қосу);
• set_alarm_off (оятқышты өшіру).

• Әрбір әдіс бір немесе бірнеше мәліметтер атрибуттарын басқара алады. Мысалы, set_time() әдісі оятқыш уақытын орнатып, сағат үстіндегі батырма арқылы іске қосылады. Басқа бір батырма арқылы set_alarm_time() әдісі іске қосылады.